Абай Бегей алғаш рет жас келіншегімен және балаларымен түскен суретін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай Бегей алғаш рет жас келіншегімен және балаларымен түскен суретін жариялады

Абай Бегей алғаш рет жас келіншегімен және балаларымен түскен суретін жариялады

Әнші Абай Бегей біраз уақыт бұрын өзінен біршама жас кіші қызбен шаңырақ көтерген еді. Алайда содан бері екінші некесі, жас келіншегі мен балалары жөнінде сөз қозғаған емес. Тіпті желідегі парақшасында жұбайының тойда түскен суреті ғана бар.

  • 23 Тамыз 2018
  • 635
Фото - Caravan.kz

Ал бүгін желідегі оқырмандарын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаған Абай Бегей отбасымен серуендеп жүрген кезде түскен суретін жариялады. Суретке әнші жас келіншегі Фариза және үш баласымен түскен.

«Құрбан айт мейрамымен баршаңызды құттықтаймыз! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Отбасыларыңызға амандық, татулық, береке-бірлік тілейміз! Ауырып жатқан бауырларымыздың Алла Тағала дендеріне саулық, дерттеріне шипа берсін! Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман-есен жете берейік!» – деп жазған әнші мұсылмандарды мейрамымен құттықтап.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің отбасына сүйсініп, бақыт пен татулық тілесіп жатыр.


Айта кетейік, Абай Бегей осыдан бірер жыл бұрын жұбайынан айырылып қалған болатын. Өнер иесінің алғашқы некесінен төрт перзенті бар. Әнші былтырғы жылы тұңғышы Еркені ұзатқан болатын.