Сауд Арабиясында әзілдеген адамдар 5 жылға сотталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясында әзілдеген адамдар 5 жылға сотталмақ

Сауд Арабиясында әзілдеген адамдар 5 жылға сотталмақ

Кінәлі деп танылғандар 295 935 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді.

  • 6 Қыркүйек 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Сауд Арабиясында діни тақырыптарға әзіл айтқан адамдар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылмақ. Бұл туралы корольдіктің Twitter желісіндегі парақшасында жазылды.

"Әлеуметтік желіде қоғам тәртібіне, моральдық құндылықтар мен дінге қатысты әзіл айтқандардың әрекеті киберқылмыс болып саналмақ", — делінген хабарламада.

Кінәлі деп танылғандар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады немесе үш миллион риал көлемінде айыппұл төлейді. Бұл шамамен 295 935 миллион теңге.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы королдіктің діни полициясына тіл тигізген Раиф Бадави есімді азаматты соттап, 10 жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.