Бұл туралы ҚазАқпарат «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жәрмеңке 22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді. Оны Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отыр.
Жәрмеңкеге Астананың 14 тұрғын үй кешенінің өкілдері қатыспақ. Құрылыс компания өкілдері барлық келушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.
Сонымен қатар келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» ипотекалық ұйымы мамандарынан кеңес ала алады.