Қуандық Бишімбаевтың 80 миллион теңгеге салынған коттеджі мәдениет үйіне айналатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуандық Бишімбаевтың 80 миллион теңгеге салынған коттеджі мәдениет үйіне айналатын болды

Қуандық Бишімбаевтың 80 миллион теңгеге салынған коттеджі мәдениет үйіне айналатын болды

Қуандық Бишімбаевтың 80 миллион теңгеге салынған коттеджі мәдениет үйіне айналатын болды.

  • 26 Қыркүйек 2018
  • 105
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі үшін 80 миллион теңгеге салынған аңшылық үйінде енді балалардың өнер үйірмелері ашылмақ. Бірақ, ол үшін екі жыл жабық тұрған ағаш үйдің ішін қыруар ақшаға қайта жөндеу керек. Ал даулы коттедждің ел игіліне айналғанын ауылдықтар қуана қабылдап жатыр. Өйткені, ауылда мәдениет үйі атымен жоқ екен.

 -Мына бөлмеде би үйірмесі болады. Мына 2 жылдан бері тұрып қалған суды ағызып, жұмыс жасайды.

Бір кездері ел тізгінін ұстаған Бишімбаев осы бассейнде жүзіп рахатын көрген. Жылдап суы тазаланбағандықтан, суы борсып кетіпті. Моншасының іші тап-таза. Іздеп таппайтын ағаш тақтайдан әдемілеп салыныпты. Бишімбаевтікі деп танылған коттедждің қазіргі көрінісі осы. —

Әдеттегі жұмыс үстелі. Анау-мынау емес, қымбат бағалы ағаштан жасалған. Соған қарағанда Қуандық Бишімбаев демалыс кезінде де қолы бір қалт етпестен жұмысын жалғастыра бергенге ұқсайды. Ал көрші бөлмеде мынадай жалтыраған жиһаздар. Сол күйі, қаз қалпында тұр. Керек десеңіз, мына жағында душ қабылдап алуға да болады. Яғни, демалыстағы адам үшін жанға жайлы рахаттың барлығы бар.

Бір кездері қасқыр, бұғының басы ілініп тұратын қабырғаларды бүгінде шаң басқан. Электр желілері үзіліп, қабырғадағы алпамсадай теледидарлардың ізі ғана қалған. Қазір сот арқылы Целиноград ауданы әкімдігіне өткенімен, шаруасы шаш-етектен. Өйткені жер Бишімбаевтың енесінің атына рәсімделген екен.

Айгүл Сүйінжанова, Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:


-Ғимаратты бізге бергенімен, жер телімі басқа кісінің атында. Біз «РЭС-қа» бардық, қарыздары бар екен, 120 мыңға дейін. Содан кейін жылу беру жүйелері дұрыс жөнделмеген. Жөндеу керек, оған қаншама қаражат та керек. 

Түгел бөренеден соғылған ағаш үй бұдан былай Қосшы ауылының мәдениет үйіне айналмақ. 30 мыңдай тұрғыны бар ауылда бұған дейін мәдениет ошағы атымен болмаған.Енді ішінде балалардың эстрадалық, вовалдық, фольклорлық ән үйірмелері, би үйірмелері жұмыс істейді. Ауылдағы бұл жаңалыққа шын қуанған тұрғындар оның бұрын кімдікі болғанын білгісі де келмейді. 

-Білмеймін. Біреуге дұрыс, біреуге қиын, білмеймін онысын. Егер балалар үшін болса, жақсы ғой.

— Қай саясаткердің үйі екенінде шаруамыз жоқ. Халыққа берілгені жақсы ғой.

-Менің ойым, мәдениет үйі ашылу керек, балалар  үйірмеге бару керек, сауатын ашу керек.

Ал үйдің иесі болған бұрынғы Ұлттық экономика министрі  Қуандық Бишімбаев өткен наурыз айында  бюджеттің 1 миллирдттан астам ақшасын жымқырды деп  10 жылға қамалған еді. Экс-шенеунік қазір  жазасын туған жері Түркістан облысы, Леңгір қаласындағы түрмеде өтеп жатыр.Ал даулы коттедж әзірге құжат жүзінде ғана әкімдіктің қарамағына өтіп тұр. Оның әлі жер телімі құжатын рәсімдеп, коммуналдық қарыздарынан құтылу керек. Содан кейін ғана ғимараттың ішкі дизайны өзгертіліп, ән-би аспаптарымен толтырылады.