"Қызыммен сөйлескен жоқпын әлі. Телефоным бұғатта тұр": Екінші рет үйленген Абай Бегей үлкен қызының ренжулі екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызыммен сөйлескен жоқпын әлі. Телефоным бұғатта тұр": Екінші рет үйленген Абай Бегей үлкен қызының ренжулі екенін айтты

"Қызыммен сөйлескен жоқпын әлі. Телефоным бұғатта тұр": Екінші рет үйленген Абай Бегей үлкен қызының ренжулі екенін айтты

Өнер иесінің тұңғыш қызымен ара-қатынасына сызат түскен.

  • 11 Қазан 2018
  • 594
Фото - Caravan.kz

Жақында екінші рет отбасын құрып, өзінен 16 жас кіші қызға үйленген Абай Бегей басынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Әншінің айтуынша, әлдебіреулер тойдың алдында балалары мен әкесінің арасына іріткі салған. Сондай-ақ, өнер иесінің тұңғыш қызымен ара-қатынасына сызат түскен ұқсайды.

“Менің бұрынғы қайын-жұртым бар. Адам болған соң қызғаныш болады. Сондай сәтте біздің отбасымызда сырттан әртүрлі әңгімелер бар, менің қыздарымды азғыратын адамдар пайда болды. Олардың кім екенін де білмеймін. Үйге келсем, түрлері бұзылып кетеді. Оларға не айтатынымды білмеймін. Сондай ауытқулар болды. Оның бәрі артта қалды. Балаларымды Алматыға көшіріп әкелдім, бұл жақта азғыратын ешкім жоқ. Бұларды бір-біріне үйреттіруім керек, бір-біріне мейірімділік танытуы керек. Сол үшін Алматыға алып келдім”, – дейді Абай Бегей.

Иә, әнші осы уақытқа дейін Ақтауда тұрып келген қос қызы мен жалғыз атұстарын Алматыға көшіріп әкелген. Бүгінде жас келіншегі мен балалары бір шаңырақ астында тұрады. Ал осыдан екі жыл бұрын ұзатылған тұңғышы әкесіне ренжулі көрінеді.


“Қызыммен сөйлескен жоқпын әлі. Телефоным бұғатта тұр. Менің әйелім, Жанаттың анасы, оның туыстары, сіңлілері, оларға алғысым шексіз. Олар да кішкене ренжулі. Әрине, қызғаныш болады. Уақыт өте келе бәрі орнына келеді деп ойлаймын”, – деп ағынан жарылды Абай Бегей.