Дариға Назарбаева оқушыларды кәсіпкерлік рухында тәрбиелеу керектігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева оқушыларды кәсіпкерлік рухында тәрбиелеу керектігін айтты

Дариға Назарбаева оқушыларды кәсіпкерлік рухында тәрбиелеу керектігін айтты

Дариға Назарбаева Елбасының Халыққа Жолдауын талқылау әрі түсіндіру мақсатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен және мектеп ұстаздарымен кездескені мәлім. Ал Жолдаудың негізгі басымдығы – халыққа әлеуметтік қолдау көрсету екені барша қазақстандықтарға белгі.

  • 15 Қазан 2018
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады

Дариға Назарбаева әлеуметтік салаға көбірек тоқталды. 

— Мұнда Алматы қаласының төрт ауданына қарасты білім басшылары отыр. Ұстаздар, педагогтар, мектеп директорлары. Кез келген елде қоғамның дәл осы тобы ең алдыңғы қатардағысы болып табылады. Президенттің Халыққа Жолдауын барлығыңыз да мұқият тыңдап, таныстыңыздар. Әсіресе әлеуметтік сала мен білім саласы туралы тұсымен жақсы хабардарсыздар»,- деді сенатор.

Сондай-ақ Дариға Нұрсұлтанқызы Жолдауға байланысты қандай салалар бойынша қаржы көлемінің ұлғаятынын нақты деректермен көрсетіп берді.

— Үш жылдың ішінде білімге жұмсалатын шығын 65 пайызға, 45,3 млрд теңгеден 752 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ денсаулық саласына бөлінетін шығын 24 пайызға, яғни 1,076 трлн теңгеден 1,339 трлн теңгеге дейін артады. Негізінен мемлекеттік бюджеттегі шығындардың басым көпшілігі әлеуметтік салаға жұмсалады және ол жыл сайын үнемі өсіп отырады, — деді Дариға Назарбаева.

Сондай-ақ сенатор еліміздегі кәсіпкерліктің даумына ықпал ету қажеттігіне тоқталды. Ал ол үшін мектеп ұстаздары барынша ат салысу керек. Яғни болашақ кәсіпкерлерді дайындау ісінде мұғалімдердің атқаратын рөлі ерекше екені айтылды.

«Қазірдің өзінде ұстаздар оқушыларды кәсіпкерлік рухында тәрбиелеу керек. Олардың кез келгені ертең табысты кәсіпкер бола алады. Жаңа өнімдер жасай алады. Жаңа жұмыс орындарын ашады және мемлекет қазынасына салық төлейді. Осындай табысты адам елге үш есе, кейді тепті бес есе пайда әкеледі»,- деді Дариға Назарбаева.


Бұған қоса сенатор мектептегі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. 

— Өкінішке орай, үш ауысымда оқитын мектептер мен апатты жағдайдағы оқу ордалары және оқшылар орнының тапшылығы мәселелері әлі де бар.Осы мәселелер көптеген кешенді шаралар қолдануды қажет етеді. Бұл тұрғыда Алматы қаласында да түйткілдер бар. Алматы өсіп жатыр, демография жақсы, оқушылар көбейіп жатыр. Бұған қоса белседі урбанизация жүруде. Сондықтан үш ауысымды мектеп мәселелерін шешу үшін алдағы 3 жылда 50 млрд теңге бөлу жоспарда бар,- деді Дариға Назарбаева.

Еске салсақ, Дариға Назарбаева Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп гимназиясының арнайы қонағы болып, ұстаздардың барлық сұрақтарына жауап берген еді.