“Жасың 50-ге келді ғой”: Кеудесін ашқан Баян Алагөзова қатал сынға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жасың 50-ге келді ғой”: Кеудесін ашқан Баян Алагөзова қатал сынға ұшырады

“Жасың 50-ге келді ғой”: Кеудесін ашқан Баян Алагөзова қатал сынға ұшырады

Баян Алагөзова танымал отандық дизайнермен бірігіп киім шығара бастады. Күні кеше танымал продюсер алғашқы киім топтамасын Instagram-дағы оқырмандарына көрсетті.

  • 17 Қазан 2018
  • 181
Фото - Caravan.kz

Баянның жаңа образы кореялық әйелдерді еске түсіреді. Продюсердің джинсы көйлек пен қызыл етік кигенін көріп, көпшілік Алагөзованы танымай қалғандарын жазуда. Көпшілік жапондықтар киетін кимононың да сәнді продюсерге жараса кеткенін атап өткен.

Десе де, Алагөзованың кеудесі ашық суретін көрген желі қолданушылары жағымсыз пікірді де қарша боратқан.

 

“50-ге келетін болдың ғой, қойсаңшы”, “Өзіңе әдемі көрінгенімен, сырт көзге өте ерсі”, “Ұят”, – деп сынады желі қолданушылары.