Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Алғаш рет ана атанған қызымен Абай Бегей әлі де көріспепті.
"Бұл жағынан мен жауап бермей ақ қояйын. Біреулерге бұл жағдай қызық болуы мүмкін, "неге ол қызымен араласпайды" — деген нәрсе жұртқа қызық шығар. Сырттан азғырушылар азаймай, біздің қарым-қатынас түзелмейді. Мен ешкімді жамандамаймын, ұл-қыздарымның нағашыларымен араласқым келеді, оларды бұрынғыдай жақсы көремін. Үйленгеннен кейін олар мені жақтыртпайтын шығар. Менің ниетім, оларға деген көзқарасым бұрынғыша. Ал олардың көзқарасын білмеймін, бірақ әйелім қайтыс болғаннан кейін қиындықтар болды." — дейді Абай Бегей.
Абай Бегей отбасындағы бір мәселінің шешімін таппай жүргенін айтты.
"Өте қиын жағдай, бұны ешкімнің басына бермесін. Мұндай жағдайда, өзіңді жоғалтып аласың деуге болады. Отбасымда мынадай жағдай болған кезде, енді сырттан кішкентайды азғырады, үлкенді азғырады. Келіп азғыра ма әлде бір жерден ұстап алып азғыра ма білмеймін. Сондай нәрселер болып тұрады. Бүгін көңіл күйі жақсы болса, келесі күні көңіл күйлері болмайды. Телефонына біреулер смс жазады, қазір екі қызымның телефондарын алып қойғаннан кейін бәрі жақсы бола бастады. Біреудің отбасына араласу, әке мен баланы азғыру дұрыс емес қой."