Бүгінде елімізде қылқалам өнеріне қызығушылық танытып отырған балалар жеткілікті. Ал олардың аталған өнерді меңгеруі, ынта-ықласы қандай?
Caravan.kz медиа-порталы Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында балаларды бейнелеу өнеріне баулитын үйірменің ұстазы Әсел Дәулетқызымен тілдесіп көрді.
— Бұл жерде жұмыс істегеніме 12 жылдай болып қалды. Қазіргі кезде бізде екі әлеуметтік топ, екі ақылы топ бар. Барлығы төрт топпен жұмыс атқарамын. Аптасына екі мәрте. Жалпы келіп жатқан балалар өте көп. Олар көбі қызығушылықпен келеді. Енді бұл үйірме болғандықтан сынақ деген болмайды.Үйірме болғанан кейін кейбір ата-аналар «менің балам осындай сурет өнеріне бейім еді.Үйде өзінің салған суреттері бар еді, көріңізші» деп жатады. Бізде қазір былтырдан бастап әлеуметтік топ деген бар. Соған көп балалы отбасындағы балалар келіп жатады.Оларды алын ала қабылдап қояды.Ұстаз ретінде біз қабылдамаймыз. Бізге осы балалар сіздің топта болады деп әкеліп береді және солармен сабақ өтеміз. Одан кейін ақылы топтар бар. Оған өз қызығушылығымен келген балалар келеді. Осы бағытты қалаймын, болашақта коллежге түсемін, университетке түсемін деп келеді. Ол балалар өз ынталарымен оқиды.
Яғни, қабылдану үшін алдын ала өткізілетін емтихан деген жоқ. Бұрындары болатын еді. Кейде балалар толып кетсе де ата-аналары баласын ертіп, дарыны бар еді, қабылдаңызшы деп әкеледі. Содан кейін оларды келмей қалған балалардың орнына алатынбыз. Онда да көреміз, жұмысына қарайтынбыз.Дегенмен, бізде сурет сала алмайтын балалардың өздері уақыт өте үйреніп кетеді. Ал қызығушылығы жоқ балалар көп жүрмейді. Ары кетсе бір айдан соң өздері басқа бағытқа кетеді.
— Жалпы балаларды қалай қабылдаған дұрыс, осындай әдіспен бе әлде арнайы іріктеген жөн бе?
— Әрине іріктеген дұрыс. Іріктесе бізге де жақсы болады ғой. Мысалы, кейбір балаларды ата-анасы қинап отырғызып қойғаннан кейін сурет салғысы келмесе де амал жоқ отырады. Өйткені ата-анасы бос жүрмесін, телефон шұқыламасын деп әкеледі. Есесіне суретке мүлдем қабілеті жоқ балалар, бояуды шашып, қасындағы өзге балаларға кедергісін келтіріп отырады. Ондай оқшыларды көп деп айтуға болады. Жасағысы келіп отырған балаға кедергісін жасап отырады. Өйткені олар іріктеуден өтпеген ғой. Сосын ата-анасына айтамыз. Баланың қызығушылығы жоқ, мүмкін спорт үйірмелеріне бересіз деп кеңес береміз. Кейбір ата-аналар жоқ үйреніп кетеді деп бой бермей жатады.Бірақ бізге мүлдем сай келмесе басқа үйірмелерге қарай кетеді. Негізі бізде үйірме жыл бойы толығып отырады. Басқа балалар келеді. Соларды қабылдаймыз.
— Жалпы қазіргі балалардың сурет өнеріне, қылқаламға деген қызығушылығы қандай, бұрнағы жылдармен салыстырғанда төмендеп бара ма, әлде жоғары ма?
— Көбісі болашақта дизайнер болам, оқуға түсем деген сияқты бағытпен келіп жатады.Сондай мақсаттары бар. Балаларды көрмеге апарып қатыстырамыз. Қызығушылық бар ғой әрине. Сурет салып үйренсем, әдемі картиналарды мен де жасасам деген оймен келеді. Қысқасы азайған жоқ. Керісінше көбейіп жатқан сияқты.
— Ал балалардың осы өнерді игеруі, үйренуі қандай деңгейде болып жатыр?
— Біз енді әр баламен жеке-жеке жұмыс жасаймыз. Мысалы, бір бала берген тапсырмаңды тез орындап, қызығушылығын танытса, ол баламен жеке жұмыс жасай бастаймын. Бізде жеке бір тақырып берілгенімен, әр баланың деңгейіне қарай тапсырма беріп отырамыз.
— Ал сурет өнері осындағы әр баланың мінез-құлқына, дамуына әсер етіп жатыр ма? Жалпы қандай пайдалары бар?
— Сурет өнері ең бірінші баланың жазуын түзейді. Нашар жазатын кішкентай 5-6 жастағы баланың жазуын түзейді. Сосын моторикасына пайдалы. Бұған қоса бір орнында отырмайтын шыдамсыз балалар отырып үйренеді. Әдемілікке, сұлулыққа, эстетикалық талғамына, түсті шешуді, үйлесімділікті дамытады. Жалпы сурет өнерінің балаға ешқандай зияны жоқ, қайта пайдасы болмаса. Сурет сала алатын да, сала алмайтын балаларға пайдасы оразан зор. Эмоционалды психикалық жағынан, сосын мектептегі стрессті шығарады. Мысалы, олар осында мектепте тапсырма көп болып шаршап келгенде бір қарасаң сабақ біткенде кетпей отырады. «Сен жаңа ғана шаршап отыр едің ғой десең, жоқ, апай мен тағы да отыра берейнші» деп қалуға өздері сұранады. Мысалы, балалар боулинг ойнап немесе табиғатқа шығып демалады ғой, сол сияқты мұнда да демалу үшін келетін сияқты. Сурет сала отырып баланың миы да дем алады екен.
— Өзге сабақтардағы үлгеріміне де оң әсер етіп жатқан шығар?
— Әрине, ойланып отырып, сурет салған баланың ойлау жүйесі жақсы дамиды. Математика, геометрия, биология барлық пәндерге керек қой. Сурет ол барлық пәндермен өзара байланысты. Пайдасы мол.
— Қалай ойлайсыз қазір мектептерде сурет сабағына пән ретінде бөлініп жатқан сағат аз емес пе?
— Мен бұрын мектептерде де жұмыс істедім, бірақ қазір істеп жүрген жоқпын. Мектепте 45 бала отырады. Бұрын солай еді ғой. Енді қазір 24-30 қылған шығар. Бірақ мектептерде өзімнің оқушыларым оқиды. Олар сурет сабағы болмайды дегенмен тең дейді. Өйткені бастауыш сыныптарда басқа пәндерден үлгермейміз дейді. Мысалы, математика сияқты пәндерден. Бастауыш сыныбы мұғалімдері суреттен де өздері беретін болғандықтан ол пәнді болдырмайды екен. Оның орнына үлгере алмай жатқан пәндерді өткізе береді. Енді қазір балаларым 5-сыныпқа көштік, қазір көркем еңбек деген сабақ болып жатыр дейді. Бірақ бізге 45 минут жеткіліксіз, ештеңені жасап үлгермейміз дегенді айтады. Оның үстінде бөлінген сағат өте аз. Негізі мен мектеп оқушыларына сурет, қолөнер деген нәрселер өте керек деп ойлаймын. Болашақта мектеп бітіріп кетсе де өзін асырайтын бір кәсіп емес пе. Қолынан келсе аш қалмайды ғой. Қазіргі кезде бір кәсіптің маманы болсаң жақсы күн көре аласың. Мейлі шаштараз бол мейлі, суретші, мейлі тігінші бол ең бірінші кәсіп керек. Сондықтан баланы мектептен кәсіпке баулып, бейімдеу керек сияқты. Сондықтан мектепте сағаттың көп болғаны дұрыс. Мысалы ағаш шеберханасы сияқты. Бұрындары мектепе біз ағаштан әр түрлі заттар жасап үйренетінбіз. Қазаргі кезде қалай болып жатқанын білмеймін. Өйткені оның орнына басқа пәндер көбейген.Тіпті естуімше болашақта сызу сабағын алып тастайын көрінеді.
— Ал үйірмеде балалар аптасына қанша мәрте, неше сағаттан үйренеді ?
— Аптасына екі рет келіп қатысады. Сабақ 90 минутқа созылады. Ал екінші жылы 120 минут болады. Негізі бізде балалар екі жыл қатысады.
— Ал қандай байқауларға қатысып жүрсіздер?
— Біз жылда «Дети рисует мир» байқауына қатысамыз. Оқшылар сарайы да түрлі қалалық байқаулар ұйымдастырады. «Алтын қазынаға» қатыстық алдында. Енді алдымызда «Алтын күз» болуы керек. Қазан айының соңында немесе қараша айының басында өтеді деп жоспарланып отыр. Былтыр ғалымдар үйінде өткен «Ғылымдар балалар көзімен» атты байқауға қатыстық. Сондай ұйымдар шақырып отырады. Балаларыңыз келіп қатысса деп ұсыныстарын айтады. Әрине құр кабинетте отырып сала бергенше, бір жерге барып қатысқаны олардың қызығушылығын арттырады.
— Жалпы балалар қандай тақырыпқа сурет салғанды ұнатады?
— Біз енді бір жылға құрылған бағдарлама бойынша салғызамыз. Көбіне тақырып айтылады. Ал балалар өз ойларын салып жеткізеді. Мысалы, күз болса, күздің суреттерін қоямын. Бірақ мұны көшірмеңдер, өз ойларыңды салыңдар деп тапсырамын. Әрине, мүлдем сурет сала алмайтын балаға дайын нәрсені көшіріп салып, алдымен техниканы меңгергені дұрыс. Тек содан кейін ғана композиция кетеді. Белгілі бір тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша ескиз істейді.
— Негізі балаға жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін шамамен қанша уақыт керек.
— Енді әрқалай ғой. Ал жалпы 5 ай шамасында сурет сала алмайтын баланың өзі тәуір нәтиже көрсете алады. Мысалы, менде былтыр бір қыз бала болды. Алғаш келгенде онымен жұмыс жасау өте қиын болды. Ал қазір ең бірінші алдыдағы оқушы десем болады. Оны әжесі қатты тапсырып еді. «Баланың әкесі жоқ, анасы қайтыс болған. Бұл бала ешкіммен сөйлеспейді, тұйық. Көбірек көңіл аударыңызшы» деген болатын. Сосын әлеуметтік топқа ауыстырғамын. Үнемі сол баланың туындыларын жарыстарға қатыстыруға тырыстым.Өйткені бізде оқушы көп. Оның барлығын байқауға қатыстыра алмайсың. Бірақ сол баланың жұмысын үнемі қосып жүрдім. Ал бірде бір байқауда орын алды. Содан бастап сол қыздың қызғушылығы артты. Содан бері ол үйінде де барынша дайындалып, барлық тапсырманы орындап, интернеттен қарап, ізденіп жүрді. Ал қазір балалардың ең алды. Енді қазір өзі «болашақта кім болатынымды білемін. Мен өзімнің жеке сурет студиямды ашамын» дейді. Менімен өнер жайлы, шығармашылық жайлы сөйлескісі келеді.
Сaravan.kz медиа-порталы бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс бірнеше әдіс-тәсілдеріне де шолу жасады.
Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды.
Ақ—қара граттаж Граттаж сөзі француз тілінен яғни grater «тарау», «тырнау» деген мағына береді. Бұл графика техникасымен 20 ғасыр суретшілері айналысты. Граттография тәсілін игеру үшін талапкер әдетте жұмысты орындай отырып біріншіден қағаз бетін тең етіп балауыз шаммен немесе паранфинмен жағынды жағып шығып сонан кейін жалпақ қылқаламмен немесе мақтамен үстіңгі бетін тушьпен біртекті етіп жағылады. Содан кейін барып өткір затпен ине немесе пышақ,тоқыма біздерімен тырналап бейне сурет салынады.
Кляксография. Бұл әдістің негізі – клякса. Клякса көп адамдардың түсінігінде ұқыпсыздықтың белгісі. Сондықтан осы әдіс арқылы кляксографияны таңымды және балалардың салынатын суретінің симметриясын қолдану,бір жаққа бояу дағын қойып,екінші жағына бірдей етіп бастырамыз,сонда әдемі өрнектерді аламыз
Монотипия Бұл сурет салу техникасы сулы беттегі обьектілердің айналық көріністерін алуға қолданылады, кляксографияға ұқсайды: қағаз тігінен екіге бүктеледі, бір жағына келешек пейзаждың обьектілерінің элементтерімен жекеленіп салынады, ал салынып болғаннан кейін қағаз екіге бүктелінеді, басылады, қағаздың екінші бөлігінде суреттің кескіні алынады. Алынған сурет қайтадан бояумен басылып шығады.
Саусақтармен сурет салу 1-2 жастағы балалар бояу жаққышты пайдалануға әлі кішкентай, сондықтан да бұл балалар үшін ең тиімді сурет салу әдісі – саусақтармен сурет салу. Шындығында келгенде, саусақтармен сурет салу – ең қарапайым, әрі жеңіл жұмыс болып табылады – саусақтарыңды бояуға батыр да, суреттерді сала бер.