Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланды

Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланды

Қарағанды облысы Абай қаласында дөнерден 12 адам уланып, медициналық көмекке жүгінген.

  • 25 Қазан 2018
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Зардап шеккендер қазанның 22-24 аралығында ауруханаға қаралған.  

"Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында "ауыр деңгейдегі ішек инфекциясы" диагнозымен тоғыз адам жатыр. Олардың жетеуі ересек адам, ал қалғаны екі бала тоғызда және 15 жаста. Барлығының жағдайы бірқалыпты, қажетті ем қабылдап жатыр", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Айжан Иса. 

Емделушілер таяу күндері қаладағы дөнер сататын жерден тамақтанғанын айтады. 

"Жағдайды тұрақтау және ары қарай таралмасы үшін дөнер сататын орынға жоспардан тыс тексеру шаралары жүргізіледі. Ол жерде заттардың барлығы сараптамаға жіберілді.


Сонымен қатар, сол жерде жұмыс істейтін адамды да патогенді микрофлора тасушы ретінде тексеруге жіберілді", — деді қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің өкілдері. Сонымен қатар, департаменттегілер, дөнер дүңгіршегінің қызметкері уақытша қызметіне босатылғаны хабарланды.