«Еркектерге бәрібір»: Атышулы Айжан Байзақова өзінің ажырасып кеткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еркектерге бәрібір»: Атышулы Айжан Байзақова өзінің ажырасып кеткенін айтты

«Еркектерге бәрібір»: Атышулы Айжан Байзақова өзінің ажырасып кеткенін айтты

Атышулы Айжан Байзақова өзінің күйеуінен ажырасып кеткенін айтты.

  • 29 Қазан 2018
  • 71
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, қыздарды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды, деп жазды sn.kz.

«Мен ажырасып кеттім. Соңғы уақытта әдемі қыздар желідегі парақшама «Ұят-ай, күйеуіңді ұстап қала алмапсың. Енді жалғызбасты ана боп қалдың» деген пікірлер жазатын болды. Қарап отырсақ, ажырасқаннан кейін тек әйелдер ғана қайғы жұтады. Ал еркектерге бәрібір. Оларға туысқандары «неге ажырастың» деп бетіне баспайды. Артынан сөз де қылмайды. Ал біз қашанға дейін елдің айтқан әңгімесінен қорқып жүреміз? Егер күйеуің көзіңе шөп сала ма, онда ажырасу керек. «Күйеуге шықтың, барлық ісіне шыда» дегеннен аулақ болыңыздар. Сондай-ақ, күйеуге шығуға асықпаңыздар. Ол жақтан ешкім бақытты болып оралған емес», – деп жазды Байзақова Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін Айжан Байзақова өзінің тұрмыста екенін айтқан болатын. Қазір ол ана болуға дайындалып жүр.