Күштеп, кінәлімін деп мойындауға мәжбүрлейді: Ақтөбеде отбасы полицейлерден қысым көргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күштеп, кінәлімін деп мойындауға мәжбүрлейді: Ақтөбеде отбасы полицейлерден қысым көргенін айтты

Күштеп, кінәлімін деп мойындауға мәжбүрлейді: Ақтөбеде отбасы полицейлерден қысым көргенін айтты

Ақтөбеде бір отбасы полицияның қысымынан шаршағанын айтып, көмек сұрап отыр.

  • 14 Қараша 2018
  • 147
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна медиа порталы хабарлайды.

Шағымданушы Амангелді Әйтішевтің сөзінше, Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері осыдан тура бір жыл бұрынғы жол апатына кінәлісің деп қылмысты мойындатуға мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Тіпті сол апаттан екі жасар бүлдіршінінен айырылған отбасы полицейлерден қорқатынымыз сонша өз үйімізге түнеуден қалдық дейді.

"Үйге қонсақ светті сөндіріп отырамыз. Болмаса, ағайын туманың үйінде, не кешке дейін көшеде қаңғып жүреміз. Шын айтқанда қорқамыз. Аналар бірдеңеге қол қойдырып ала ма, істі жабуға деген сияқты. Күштеп, мәжбүрлеп қол қойдыртамын деп айтып жүрді бізге", — дейді Мөлдір Имашева.

Зәбір көрсетті деген полицейлердің аты — жөнін ашық айтқан Амангелді бұл жерде үлкен жемқорлық әрекет бар дейді.

Қылмыстық істі алғашқы болып қараған Алға ауданындық соты Амангелді Әйтішевті кінәлі деп үкім шығарады. Артынан бұл іс аппеляциялық шағым бойынша облыстық сотта қайта қаралып, сот Амангелдіні ақтап, істің заңды тергелмегенін айтып, қайта тергеуге жібереді. Қазір бұл ұзаққа созылған іс пен үстеріне шағым түскен полицейлердің арызын прокуратура өз бақылауына алыпты.


Полицияның үздіксіз тергеуі мен қысымынан шаршадым деген Амангелді Әйтішов өзінің кінәлі еместігін полицияға қалай дәлелдерімді білмеймін дейді. Амалы таусылған ол енді үстіме бензин құйып, өз-өзімді өртеуден басқа шарам қалмады деп отыр.