Қызметкерлер фирма тоналды деп 5 миллион теңге қымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызметкерлер фирма тоналды деп 5 миллион теңге қымқырған

Қызметкерлер фирма тоналды деп 5 миллион теңге қымқырған

Полицейлер жалған қылмыс ұйымдастырған Ақмола облысы тұрғындарын ұстады.

  • 13 Желтоқсан 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының полицейлері өз фирмасына тонаушылық ұйымдастырып, қаражат қымқырған қызметкерлерді ұстады, деп хабарлайды полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ерейментау аудандық полиция бөліміне 7 желтоқсанда Павлодар-Астана тас жолында қарақшылық шабуыл болғаны туралы хабар түскен. Көкшетау қаласының жеке кәсіпкерлігінің сауда өкілі — жәбірленушінің айтуынша, мемлекеттік нөмірі жоқ авто жолда оның көлігін тоқтатып, белгісіз біреулер фирмаға тиесілі 5 миллион теңгені тонап кеткен.

Қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, арнайы топ құрылған екен. Оқиғаның мән-жайын зерттеген жедел қызметкерлер кей деректердің сәйкес келмейтінін байқап, ер адам жалған тонаушылық ұйымдастырды деген күдік пайда болған.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мен оның екі танысы (олардың бірі сол фирманың қызметкері) жеке кәсіпкерлікке тиесілі ақшаны қымқырып, қылмыстың ізін жасыру үшін полицияға қарақшылық шабуыл туралы хабарлайды.


Тәулік ішінде шындық әшкере болды. Үш күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.