Ауруханада науқастың отадан кейінгі жарасын скотчпен таңып берген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауруханада науқастың отадан кейінгі жарасын скотчпен таңып берген

Ауруханада науқастың отадан кейінгі жарасын скотчпен таңып берген

Ота жасатқан науқастың жарасын дәкемен таңып, сыртынан скотчпен орап берген.

  • 13 Желтоқсан 2018
  • 49
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Амур облысы прокуратурасы Благовещенск қалалық ауруханасында тексеріс жүргізбек. Медициналық мекемеде ота жасалған науқастың жарасын таңған кезде скотч пайдаланылған, деп хабарлайды Sputniknews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы БАҚ-қа 63 жастағы науқас әйелдің қызы хабарлапты. Оның айтуынша, отадан кейін анасының жарасын қайта таңған кезде, дәкенің үстінен скотчпен ораған екен.

Амур облысы денсаулық сақтау министрлігі РИА Новости агенттігіне хабарлағандай, бұл аурухананың хирургиялық бөлімінде лейкопластырь қалмағанын айтып, бірақ басқа хирургиялық мекемелерде медициналық құралдың болғанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі лейкопластырь орнына скотч пайдалануға болмайтынын атап өтіп, "аурухананың басқа бөлімдерінен пластырь алуға болар еді" деп пікір білдірді.

"БАҚ-та жарияланған мәлімет бойынша облыс прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр. Заңнама бұзылғаны анықталса, бірден тиісті шара қолданылады", — деп хабарлады прокуратура.


Тексеріс 30 тәулікке дейін созылады екен.