Атышулы ару жылап түскен видеосын жүктеп, жазба қалдырды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Бір ай үндемедім. Бірақ маған көрсетіліп жатқан қоқан-лоққы шектен шығып барады. Өзіме де, ата-анама да қоқан-лоққы көрсетілуде. Тіпті менің қайда тұратынымды біліп алған. Қазір мен қатты қорқамын. Менің соңымнан аңдып, мені суретке де түсіріп алған. Мен не үшін кешірім сұрауым керек?" — дейді ару.
Бірақ көпшілік жылаған арудың видеосын да хайпқа балап, оны жерден алып, жерге салды.