Қазақстанда STEM-білім беру дамып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда STEM-білім беру дамып келеді

Қазақстанда STEM-білім беру дамып келеді

5-сынып оқушысы Жасұлан Боранбай теңіз бетіндегі және жағажайдағы қоқысты жинауға машықтанған робот жасап шығарған. Бұл жоба республикалық "Зерде" байқауының қалалық кезеңінде екінші орынды иемденді.

Ол өзі ойлап тапқан роботының қызметімен таныстырды. 

"Екі мотор арқылы екі қалақшаларын айналдырып тұр. Мысалы, оның алдында қоқыс тұр делік. Ол қоқысқа қарай жүзіп келеді де көтергіш механизмімен қоқыс салатын жәшігіне са

  • 6 Қаңтар 2019
  • 67
Фото - Caravan.kz

Ол өзі ойлап тапқан роботының қызметімен таныстырды. 

"Екі мотор арқылы екі қалақшаларын айналдырып тұр. Мысалы, оның алдында қоқыс тұр делік. Ол қоқысқа қарай жүзіп келеді де көтергіш механизмімен қоқыс салатын жәшігіне салып алады. Бұл адамдардың жұмысын жеңілдетеді. Және өздігімен қоқыстарды жинайды. Үшіншіден, бұл табиғатқа еш зияны жоқ", — деді Жасұлан Боранбай.

Робот техникасы үйірмесіне келушілер үшін бұл жай ғана әуестік емес. Келешекте 3D модельдеумен айналысатындар үшін алғашқы кәсіби қадам деуге болады. Мәселен, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нәзира Қыдырбаева жасанды қол құрастырған. Ол үшін белсендендірілген көмір, пластик пен плата ғана қажет болыпты.

"Датчик жұмыс істемейтін қолға бекітіледі. Адам қолын қимылдатқанда, бұлшық еттері жиырылады. Осының әсерінен датчик Ардуино платосына белгі береді", — деп атап өтті НЗМ оқушысы Назира Қыдырбаева.


Мамандардың айтуынша, осындай SТЕМ-зертханалар балалардың қабілеттерін ашып, білімге деген құштарлықтарын оятуға септігін тигізеді.