"Қазақстанда ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң жоқ": Нарчаеваның үстінен арыз берген заңгер ашық сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанда ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң жоқ": Нарчаеваның үстінен арыз берген заңгер ашық сұхбат берді

"Қазақстанда ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң жоқ": Нарчаеваның үстінен арыз берген заңгер ашық сұхбат берді

Құрманғазы Мүсір есімді заңгер әлеуметтік желіде аты шыққан Шырын Нарчаеваның үстінен іс қозғау бойынша арызданған болатын.

  • 10 Қаңтар 2019
  • 2924
Фото - Caravan.kz

Қазір іс қалай өрбіп жатыр? Заңгердің арызы қабылданды ма? Бұл сұраққа Құрманғазы Мүсір Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Құрманғазы мырза, бірден Шырын есімді бойжеткен туралы сұрайын. Іс қалай болып жатыр? Сіздің арызыңызды қабылдады ма?

Арызды өткіздік. Енді қазір ҚР заңнамасына сәйкес, ұлттық құндылыққа қатысты іс-әрекеттер жоқ. Бірақ мұның дұрыс немесе бұрыс дейтін іс-қимыл екенін саралап, қорытындысын беретін сараптама. Сараптаманың жүргізіп, жүргізілмеген маған әзірге белгісіз. Себебі, мен Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында тұрамын. Абайдағы жағдай есіңізде болар, сол істе адвокат болған менмін. Сол себепті қалай болып жатқанын білмеймін, жақын арада 3-4 күннің ішінде Тараз қаласына барамын, арызым бойынша қандай іс-әрекеттер жасалынды, барлық мәліметті сол жақтан аламын. Біздің жоғарғы және төменгі палата депутаттары сенат және мәжіліс әртүрлі заңдарға енгізулер жасап жатыр. Сол енгізулерге түрткі болатын, бастама болатын осы өзекті мәселе болып тұр. Соны енгізу үшін бірінші орында ұлттық құндылығы бар мәселелерді, яғни киім-кешек бар және тарихымыз бен мәдениетімізге тікелей қатысы бар ұлттық құндылық болып табылатын киім-кешек, өзге де заттарды әкімшілік немесе қылмыстық кодекске өзгертулер енгізсе деген бұл бастама болып тұр. Стрип клуб деген бар, ол Қазақстанда жоқ емес бар. Былай айтқанда ондай клубтар Қазақстанның үлкен қалаларының барлығында бар. Стрип клубқа кіріп, сол жерде ұлттық киімді киіп алып жүретін болса, онда қазақтың жоқ екенінің белгісі ғой. Былай айтқандай әбден қорланған деген сөз. Заңды түрде соны енгізіп, әр ұлт өзінің ұлттық киім-кешегін, мәдениетін қорғау үшін барын салады. Мысалыға айтатын болсақ, Шотландияда сол жақта біреу өздерінің белдемшесі мен үстіне басқа бір жейдені киіп алған. Ондай жағдайда шотландықтар үшін олардың ұлттық киімін қорлаған болып саналады. Ол үшін жауапкершілік бар.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 

A post shared by 312CLUB |Клуб позитивных людей (@312club_) on

Демек, бізде ұлттық құндылықтарды қорғайтын ешқандай заң жоқ, солай ма?

Жоқ. Бізде қылмыстық кодексте жауапкершілік ретінде ондай ештеңе жоқ. Дегенмен үзілді-кесілді бірдеңе деп айта алмаймыз. Себебі, ол іс-әрекет арнайы сараптамадан өтуі керек. Қаншалықты ол ұлттың ар-намысын қорлайтындай іс-әрекет болды? Немесе моральды қорлайтындай іс-әрекет болды ма? Оны сараптама ғана бере алады. Қазір әлеуметтік желілерде маған мыңдаған адамдар жазып жатыр. “ол басқа ұлттың азаматы екен, осындай екен” -деген сияқты. Көпшілікке айтарым, ондай арандатуға бармауларыңызды сұраймын. Ол қыздың қандай ұлтқа жататыны әлі дәлелденген жоқ. Халыққа кішкене сабырлы болуды сұраймын. Әлеуметтік желіде тағы да видео жарияланып жатыр. Ол қызды ұрып, соғып кеткен видео.

Ол қыздың мұрыны қанап, таяқ жеген видеосы да хайп үшін жасалған деп ойламайсыз ба?

Менің жеке ойым, ол жалған видео. Одан сайын атақты болу үшін, аты шығу үшін жасалған видео деп ойлаймын. Біз қазір өсіп келе жатқан болашағымызға ортамыздың моральдік, этикалық тәрбиеленуіне осы бастап ат салысып, қолға алмасақ болашақта ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық, тәрбиелік мәнісі бар мәдениетіміздің құлдырап, жоқ болуына алып келейін деп тұр. Бұл өте маңызды жағдай. Мәдениеті жоқ ұлт, тілімізді толықтай жоғалтпасақ та жартылай жоғалтып алдық, ол өтірік емес. Солтүстік Қазақстан облысында көпшілік адамдар өзінің туған тілін, ана тілін білмейді. Ал мәдениетін айтудың да қажеті жоқ, ол белгілі жағдай. Сол себептен ұлттық құндылық болғаннан кейін, соны сақтап қалу үшін әр азаматтың өз үлесі болуы қажет.

Ал Шырынды “өлтіріп кетемін, ұрып кетемін” — деп оны қорқытып жүргендер жайлы не айтасыз? Әлде бұл да жұртты азғырудың бір түрі ме?

Қорқыныш, үрей тудыратын пікірлер жазылып жатыр. Ол азаматтарға ондай бармауды сұраймын. Азғырушылық болуы да әбден мүмкін. Біріншіден, бұл қорқыту, үркітулер азаматшаның одан сайын танылуына үлес болады. Екіншіден, Байзақова деген азаматша болды, оған ешқандай шара қолданылмады. Жалаңаштанды, бей-берекет жүрді ешқандай шара жасалмады. Қазір ол кісі кішкене тыйылып, ана болғаннан кейін ақыл-есі кіріп, адам болу жағына қарай қадам алды деп ойлаймын. Айжан Байзақова деген азаматша осы сұхбатты оқитын болса, сол кісіге жолдайтын бірнеше сөздерім бар еді. Қазақ болсаң, сіңліңнің тыйылуына кеңес бер. Ал қазаққа ешқандай қатысың болмаса, өзің тұрып жатқан елдің, ұлттың мәдениетін тәрбиелік маңызы бар әшекейін, киім-кешегін қорламауға кеңес бер.

Айжан Байзақова Шырын туралы жазба жазды. “Ұлттық киім-кешекке тиісудің қажеті жоқ” — деп те айтты.

Ол жазбаны ол өзін жарнамалау үшін шығарды. Дұрыс немесе бұрыс деген мағынада жазған жоқ. Ең соңғы сөздерінде “қажеті жоқ” — деді, бірақ “сен олай қорлама” — деген жоқ. Ал әлгі бойжеткен Айжан әпкесінің жасағанын көріп, соның кеңесін алып жүргендердің бірі ғой. Сол себепті мұндай қыздар әлі де көбеюі мүмкін. Осы бастан, тамырына дейін күреспесек, кеш болады. Біз өзге ұлттарға мазақ болып жатырмыз. Мысалы, көршілес Өзбекстанда ұлттық бас киімдерінің бір бөлшегі болып табылатын тақияны қорлағаны үшін халық өзі бір ауыздан шығып, қорлаған адамды халық алдында жазалауды сұрады. Күйеуінің көзіне шөп салған әйелге қатысты Пәкістан немесе Ауғанстан елдерінде заң жоқ, дегенмен халық өзі шығып оған өлім жазасын кеседі. Бұл олардың заңнамасында жазылмағанда. Егерде, біздің депутаттар шұғыл түрде осындай мәселелерді қарап, заңды түрде істерді қарамаса халық өзі шығып, заңсыз әрекеттерге баратын болса ешкім, ештеңе істей алмай қалады. Мен өз басым сол нәрседен қорқамын. Конституцияда зайырлы мемлекет болып есептелеміз ғой, демократиялық құндылықтары бар зайырлы мемлекетпіз. Сол себепті конституциямызда жазылғанға сәйкес іс-әрекет болса екен деймін.

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев