Айгүл Орынбек: "Қазақ тілді қоғамды шеттетеді"- десе баяғыда сенбеуші едім, соңғы уақыттарда көзім жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек: "Қазақ тілді қоғамды шеттетеді"- десе баяғыда сенбеуші едім, соңғы уақыттарда көзім жетті

Айгүл Орынбек: "Қазақ тілді қоғамды шеттетеді"- десе баяғыда сенбеуші едім, соңғы уақыттарда көзім жетті

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек барлық жерде орыс тілде ғана ақпарат болатынын, жоғарыда отырғандардың 90 пайызы орыс тілділер екенін айтып ашынды.

  • 8 Ақпан 2019
  • 1281
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Отыз жыл орыс тілінде ақпарат таратты. Дамып кеткен Қазақстанды, тойып жүрген қазақты көрмедім. 
"Қазақ тілді қоғамды шеттетеді"- десе баяғыда сенбеуші едім. Соңғы уақыттарда көзім жетті.
Мемлекеттік қызметтің бәрі орыс тілінде жиналыс, орыс тілінде есеп береді. Үлкен үлкен форум, бірақ қортынды жоқ!
Шүлдірлеп отырған бір қазақ!
Бірақ ауылда жүрген қазақтардың проблемасы шешіліп жатқан жоқ?
Ауылдың жырын айтсаң, ертегі айтып тұрған көрінесің жоғары жаққа. Көздері аларып, "Не может быть" деген топас сөзді естисің! 
Біреуі сенің жан айқайыңды түсінейін демейді.
Жылап жатқан қазақ, күйіп жатқан қазақ!
Осының бәрі өз айқайын айқайлап жеткізе алмай отырғанынан болып отыр. Себебі жоғардағылардың 90% орыс тілді.
Тұрмыстық жемқорлық жайлап жатқан қоғамда, 083,086 анықтаманы айтып, басқа мәселелерді көтермейтін қызметкерлерді де көрдім", — деп жазды ол.

Сөз соңында заңгер қазақ тілді қоғамның билік басында болмай, халықтың жағдайы жақсаратынына күмәнмен қарайтынын айтты.