Әбілдаханқызы жаңа нәрестенің өмірдегі ең алғашқы мәселесі — тіркеу екенін айтты.
Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды.
"Аналардың, нәрестелердің, бүкіл халықтың ең үлкен мәселесі — тіркеу. Прописка. Перзентханадан шығып, мына жарық өмірге қадам басқан сәтте шақалақтың алдынан ең бірінші кездесетін ең үлкен кедергісі — осы прописка.
Тіркеуі болмағандықтан ешқандай игілікке жете алмай жүргендер миллион!
Медицина саласы — ол өз алдына шиқан боп бітті. Не маман жоқ, не керекті дәрі-дәрмек жоқ, не құрал-сайман жоқ… квота деген бір қара тау, алынбас қамал пайда болғалы қашан!!!
Квотаға кезек күткеннен әзірейілді күткен оңай", — деп жазба қалдырды Сәуле Әбілдаханқызы.