Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүл Сауытбайға: Қытайдың тұзағына басың ілінгенде бармағыңды шайнап үлгере алмай қаласың - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүл Сауытбайға: Қытайдың тұзағына басың ілінгенде бармағыңды шайнап үлгере алмай қаласың

Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүл Сауытбайға: Қытайдың тұзағына басың ілінгенде бармағыңды шайнап үлгере алмай қаласың

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Қытайдан қашып келген Сайрагүл Сауытбай туралы өз ойын тағы да айтты.

  • 15 Ақпан 2019
  • 15369
Фото - Caravan.kz

Адвокат Абзал Құспанмен жұмыс жасаймын, одан кейін адвокатымен байланысы үзілген Сайрагүл ақыры адвокатын ауыстырып тынды.

Сайрагүл Сауытбайды "тексіз қатын" — деген Сәуле Әбілдаханқызы өз ойын Facebook парақшасына жазды.

"Жұрт телефон нөміріне жете алмай жүрген есіл ердің алтын басын есікке сүйреп қор қылған тексіз қатын. Мына түріңмен Қытайдың тұзағына басың ілінгенде бармағыңды шайнап үлгере алмай қаласың ғой.
Періштесінің жетісі өтпей әбден қанымызды ішіп едің, қырқы өтпей жатып жұртты осыншама мезі еттің.
Құдай сана бермеген соң қиын екен", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Енді Сайрагүл Сауытбайдың мүддесін адвокат Айман Омарова қорғайды. 


Айман Омарова — АҚШ үкіметі тағайындаған «Халықаралық батыл әйелдер» (International Women of Courage Awards-2018) сыйлығының иегері.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Талдықорған қаласында Сайрагүл Сауытбайға "Босқын" мәртебесін беру-бермеу мәселесі бойынша сот отырысы өтуде.