Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алып, елді таңырқатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алып, елді таңырқатты

Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алып, елді таңырқатты

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Шымкентте өзіне туфли сатып алды. 

Жұмыс сапары барысында Асқар Мамин үшінші мегаполистің индустриялық аймағын аралады. Премьер өндіріспен және қызметкерлермен танысу кезінде өзіне жергілікті өндірістің аяқ киімін сатып алды. Мамин қара түсті туфлиді таңдады, деп хабарлады otyrar.kz.   

  • 17 Наурыз 2019
  • 60
Фото - Caravan.kz

Фабрика қызметкерінің айтуынша, Мамин аяқ киімге 12 мың теңгесін жұмсаған.  

Мамин бұған дейін Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараты салынатын алаңдарды тексерді. Нысандардың іргетасын осы айда қалап, 2020 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұған қоса, премьер-министр медиа орталық, конгресс-холл, спорт кешенін құрылысын аралап көрді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталып кеткен.