Журналист өз ойын Facebook парақшасында жазды.
"31 арнадан кешегі әнші Гауһар Әлімбекованың апелляциялық сот процесі туралы сюжетті көрдім. Ақпараттың тонын теріс айналдырып, бұрмалап, сот отырысының, "Әлімбекова ісінің" негізгі мазмұнын басқа арнаға бұрып, гөй далаға лағып кетіпті.
Теледидар қарамағаныма 3-4 жыл болған. Ештеңе жоғалтпаппын. Бүгінгі таңда эфирде жүрген қазақ журналистері бұрынғыдан бетер кері кетіпті.
Осындай сауатсыз, өсектен арыға өрелері жетпейтін журналистер қоғамды кері сүйреп бара жатыр.
Бүгінгі қазақ қоғамының, қазақ мемлекетінің қай жағынан да дамымай артта қалып, жылдан жылға кері кетіп жатқанына, ең алдымен, шынайы ақпаратты жасырып, халыққа өтірік ақпарат беретін бүгінгі журналистер кінәлі. Олар өз парызын, кәсіби борышын арам атқарып жүр.
Позор сендерге, өсекқұмар, қоғамда дау тудырып, халықты жік-жікке бөлуші өтірікші әріптестер.
*Азаматтық, құқықтық, зайырлы қоғам орнатуға, халықтың құқықтық сауатын арттыруға ең алдымен журналистер міндетті. Бұл орайда сіздер ағартушылық роль ойнауға тиіссіздер. Дәл осындай сот отырыстарының мән-маңызын дұрыс талдап берсеңіздер, талай адамның сәл де болса құқықтық сауатын ашып, мұндай істердің ар жағындағы талай қылмыстардың жібін тарқатар едіңіздер. Әйтпесе, 120 отбасын 2 жыл тұрып жатқан баспанасынан айырып, далаға қуып шыққан компанияның қылмысы жатқанын көзі ашық халық түсініп отыр. Соны зерттеп, сараптама жасамасаңыздар да, бұл орайда Бақыт Назароваға ғана емес, өзінің 3 туысына сол "Ақкенттен" пәтер әперіп, соңында өзі де далада қалған Гауһар Әлімбекова да жәбірленуші екенін түсінер едіңіздер. Ол алаяқ болса, өз отбасы мүшелеріне сол "Ақкенттен" үй алар ма еді?
Бұл орайда 6-7 жыл арқалап кете барған Фируза Ордабаеваны да ақтауға болады. Жалған құжат үлестірген түрік компаниясын неге іздемейді? Неге сол түрік компаниясының бір де бір өкілі тергеуге шақырылмаған???
Фируза Ордабаева — шабақ, ал акулалар сайран салып дүр. Гауһардың өзі де, оның 3 туысы да, басқа 120 қазақ отбасы да сол "акулаларға" жем болған.
Бар болғаны сол-ақ", — деп жазды ол.