Семейде 8 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 8 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

Семейде 8 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

Қылмыстық істі қараған қалалық №2 сот есепшіні кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырды.

  • 28 Наурыз 2019
  • 46
Фото - Caravan.kz

Семейде ірі көлемде ақша жымқырған кезекті мектеп бухгалтеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы №42 мектепте істейтін 54 жастағы есепші әйел 2017 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қараша айы аралығында жалпы сомасы 8 256 391 теңге жымқырып үлгерген.

Өзінің жалақы алатын банк картасы несие бойынша бұғатталған соң, ол мектептің басқа қызметкерлерімен келісіп, ай сайынғы ақшасын солардың шотына аударып келген. Кейін өзіне алып отырған. Ал жымқырған ақшаны жеке пайдасына жаратқан.

ҚР ҚК-нің 189-бабы, 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел тергеу кезінде заңсыз әрекетін толық мойындап, өкінетінін жеткізді.

Қылмыстық істі қараған қалалық №2 сот есепшіні кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырды.


«Сот шешімімен сотталушы сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару ұйымдарында, банкте, мемлекеттік ұйымдарда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда жұмыс істеу құқығынан айырылды», — деді №2 соттың баспасөз қызметінен.