Тікұшақ апатынан қайтыс болған сарбаздардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тікұшақ апатынан қайтыс болған сарбаздардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек беріледі

Тікұшақ апатынан қайтыс болған сарбаздардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек беріледі

Маңғыстау облысының әкімдігі Қызылордада тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына миллион теңгеден береді, - деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

  • 29 Наурыз 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz


Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтаудан Шымкентке бағыт алған тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болған майор Костыгов Роман Петровичтің отбасына көңіл айтқаны хабарланды. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінің қызметкерлері. 

"Қайғылы оқиғада қаза тапқан Маңғыстаудағы 30153 әскери бөлімінде әскери міндетін атқарған əрбір отбасыға облыс әкімдігі атынан 1 миллион теңге көлемінде материалды көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын", — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Перейти к новостям спорта