Алматы облысында атом электр станциясын салу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында атом электр станциясын салу жоспарланып отыр

Алматы облысында атом электр станциясын салу жоспарланып отыр

Қазақстанда атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылында салынуы мүмкін.

  • 4 Сәуiр 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Ауыл Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Вице-министрдің сөзінше, атом электр станциясын салу туралы нақты шешім әзірге қабылданбаған. Алайда станция салынатын аумақ белгіленіпті.

«Біз бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Алайда атом электр станциясын салу туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Алматы облысындағы Үлкен аулынан аумақ белгіленді», — дейді Мырзағалиев. 

Сонымен қатар ол Қазақстан үшін барынша сай келетін технологияны таңдау керектігін атап өтті.


Үлкен аулы Балқаш көлінің маңында орналасқан.

Айта кетсек, Қазақтан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуше барған еді. Путин Тоқаевпен жүргізген келіссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады. Ресей президентінің сөзінше, Мәскеу Нұр-Сұлтанға атом электр станциясын салу туралы ұсыныс тастаған.