Ақтөбе әкімдігі сапасыз асфальт төсегендерді жауапқа тартпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе әкімдігі сапасыз асфальт төсегендерді жауапқа тартпақшы

Ақтөбе әкімдігі сапасыз асфальт төсегендерді жауапқа тартпақшы

Жолдарды қайта салады!

  • 5 Сәуiр 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz


Ақтөбе әкімдігі осыдан үш жыл бұрын сапасыз асфальт төсеген мердігерлерді қайтадан жұмысқа жекпекші. Және жасаған жұмыстарына көк тиын да төлемейміз дейді. Барлығын жеке компания өз қажаратына жасауы тиіс. Әкімдік пен кәсіпкерлер неге соттасты? Шұрық-тесік жолды байқамаған шенеуніктер үш жыл бойы қайда қараған?

Бұл туралыв Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

АсфалЖылда атқарушы билік асфальт төсейтін мердігерлерге қазынадан қырауар қаражат бөледі. Жеке компаниялар тапсырысты орындау үшін асығыс-үсігіс жол төсейді. Мысалы, асфальты жаңартылған жолдың бірі- осы Сәңкібай батыр атындағы даңғыл. Алайда қазіргі тоз-тозы шыққан күйіне қарап, айтпайсың.

БЕКС ЖҰМАБИСОВ: «Моладғұлова былай қарай, салғанына 3 жылға жеткен жоқ. Өзіңіз көріп тұрсыз, жолдың жайын. Ана салатын ненің бәрін дұрыс салмайды. Төсемей тұрып тас салып, қыратын жерлерін жасау керек ғой, содан кейін прессовать ету керек.»

Қуаныш Жұмағұлов болса, жолдың жайын құр айтып қоймай, әлеуметтік желіде қаланың әкімінің өзін рейд жасауға шақырған. Сөзі дәлелді болуы үшін қолынан өлшеу құралын тастамайды. Тыңдар құлақ болса, биліктегілерге айтатын кеңесі де бар. 

ҚУАНЫШ ЖҰМАҒҰЛОВ, ТҰРҒЫН, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ИЕСІ: «Көлікте де техпаспорт болады ғой. Сонда подшипник мысалы 80 мың жүргенен кейін ауыстыру керек, шаровый 30 мыңнан кейін ауыстыру керек деп тұр. Сол сияқты мында да тізімін жазып, қашан жол істелінді, капитальный ремонт. Сосын 3-4 жылдан кейін тексеру керек. XXI ғасырда тұрамыз ғой. Шетелде сондай технологиялар бар: жаңбыр ма, жел ма қарамайды. Соны алдыру керек. Жыл сайын мынадай проблема, айтуға сөз жоқ!»

Жол азабын тартқан жұрттың шағымынан шаршады ма, әкімдіктегілер жұмысын дұрыс атқармаған мердігерлерді ақыры сотқа сүйрепті. Олар әрі-бері олқылықтың бәрін аумақтың географиялық жағдайы мен ауа райына ысырғысы келгендерімен, түк шықпаған. 

РУСЛАН ТӨРЕҒАЛИ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Олар  «Прогресс Констракшн» мен «Мега-РУД» компаниялары. 2018 жылы сотқа берген болатынбыз және сотта ұтып, ағымдағы жылы ауа райы жылынуына байланысты өз қаражаты есебінен жөндейтін болады».

Екі компаниядан бөлек, қала билігі мердігер мекемелерге осындай он көшенің сапасыз төселген асфальт жамылғысын қалпына келтіруді міндеттеген. Жалпы, биыл ұзындығы 52 шақырым болатын жол жөнделеді екен. 

АҚБАЯН СҰЛТАНМҰРАТОВА, ТІЛШІ: «Ақтөбенің жолдарының қандай күйіде екенін көктемде аңғаруға болады. Жөндеу жұмыстарына деп жыл сайын қазынадан миллиардтаған теңгелер бөлінеді. Алайда, одан жақсарып кеткенін байқамадық. Биыл 4 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Енді оның қай мақсатқа, қалай жұмсалғанын көру үшін келесі көктемді күтуге тура келеді».