Белгілі заңгер өз ойын кәсіпкер Нұрсила Ахметбекке берген сұхбатында айтып берді.
"Сайрагүл үлкен бір ойынның элементтіне айналып, содан шыға алмай отыр. Бұл мен үшін қандай да бір трагедия емес. Менің тағдырым шешіліп жатқан жоқ, шешіліп жатқан Сайрагүлдің тағдыры. Бұл істі бастағаннан кейін, аяғына дейін жеткізгім келген. Сайрагүлдің менен бас тартқанда таң қалғаным рас, бірақ қиналып, зардап шеккенім жоқ", — деп жауап берді Абзал Құспан.