Алматы облысында барымташы ұрлық үстінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында барымташы ұрлық үстінде ұсталды

Алматы облысында барымташы ұрлық үстінде ұсталды

Ұрылардың жетегінде кеткен 69 мал заңды иелеріне қайтаылрған.

  • 7 Сәуiр 2019
  • 74
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында барымташы ұрлаған сиырын сойып жатқан кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Іле ауданының аумағында тіркелді. Нағарашы ауылының тұрғыны сиырының жоғалғаны туралы полицияға хабар берді. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мал иелерімен бірлесіп, жақын маңды және үйлердің аулаларын тексеру барысында күдікті азаматты қылмыс үстінде қолға түсірді.

"Жедел-тергеу тобымен зардап шегуші азамат та болды. Ол күдіктінің үйін көрсетті және ұрланған сиырды қорасында сойып жатқанда үстінен түстік. Басында, күдікті малдың өзінікі екенін дәлелдегісі келді, дегенмен құлағындағы сырға нөмірінен зардап шегушінің малы екені анықталды. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды",- деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полицейлер облыс аумағында мал ұрлығының алдын алуға бағытталған "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатқанын айтты. Шара барысында мал ұрлығының 89 дерегі әшкере болған. Айта кету керек, оның 34 дерегі "бұрынғы жылдары болған қылмыстар" санатына жатады. Полицейлер іздестіру шаралары барысында ұрылардың жетегінде кеткен 69 малды тауып, заңды иелеріне қайтарған.


"Мал ұрлығына қатысы бар барлық істер қайта қаралады, мал сату орындары, қыстақтар мен мал сою орындары толығымен тексерілуде. Облыстағы барлық жолдарда полицияның блок-посттары қойылып, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерге талап күшейтілді. Тиісті құжаты жоқ мал тасымалдаудың 323 дерегі анықталды",- деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.