500 жыл бойы "Арабтанып" кетпеген қазақты, 100 жылдың ішінде орыстандырып жіберген кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
500 жыл бойы "Арабтанып" кетпеген қазақты, 100 жылдың ішінде орыстандырып жіберген кім?

500 жыл бойы "Арабтанып" кетпеген қазақты, 100 жылдың ішінде орыстандырып жіберген кім?

Заңгер Абзал Құспан мырзаның дінге деген көзқарасы соңғы күндері желіде тарап кетті. Ол кісі уағызшылардың уағызын тыңдаса өмірден түңілетін де жазған болатын. 

  • 11 Сәуiр 2019
  • 184
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы namystv_official парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бір сұрақ" бағдарламасының 9-шығарылымында орамал дауы көтерілді. Абзал Құспан есімді заңгер ағамыз: "Ислам дініндегі жүрген діндарлардың көпшілігі Сауд Арабиясына қарап ұлиды" деп кесіп айтты. Бұл мәлімдеме қаншалықты әділетті? Таразыға салып көрейік!

Абзал Құспан: Смановтың уағызын тыңдап көрсең, өмірден түңіліп кетесің Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ 

Ислам діні орта Азияға Х ғасырда келді. Алғаш 960 жылы Қарахан мемлекеті ресми дін деп қабылдады. Ескерейік, ол кезде қазақ, өзбек, қырғыз халықтары болған жоқ. Ол ғасырда түркі тілдес халықтар өмір сүрді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Яғни іргетасымыз толық Ислам шеңберінде қаланды.

Қазақ халқы Х ғасырдан бастап араб әліпбиінде жазып келді. 1924 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиі жаңартылған "төте жазу" нұсқасын ұсынды. Тек 1940 жылы ғана Сәрсен Аманжолов ұсынған қазақ-кирил әліпбиі енгізілді. Абай өлеңдерінің барлығы араб әліпбиінде жазылған. Алаш қайраткерлерінің барлығы арабша хат танып, шариғат негіздерін үйренумен бастаған. 

Абзал Құспан: «Сен намаз оқисың ба? Оқымайсың ба?» деген сұрақтың өзі барып тұрған мәдениетсіздік

Мұхтар Әуезов атамыз: "Абайға Шығыстан дарыған құндылықтардың басы – Ислам діні. …Абай – анық діншіл ақын", — деп жазады. Яғни Абайды Абай қылған ол — Ислам! Абай атамыздың "қара сөздерін", Шәкәрім атамыздың "мұсылманшылық шартын", Ыбырай Алтынсарин атамыздың "Мұсылманшылдықтың тұтқасын" оқыңыздар, тұнып тұрған шариғат! Тарихымыз Исламмен астасып жатқанымен, өзіміз араб болып кеткен жоқпыз ғой?!
.
Абзал Құспанға сұрақ: Қазақ арабтан көп зиян көрді ме әлде орыстан ба? Жерімізді, тілімізді, ұлттық дәстүрімізді тартып алғысы келген кім? Ұлы ашаршылықпен қазақты қырған кім? Ұлы зиялыларымызды ұлт жауы деп өлтірген кім? 500 жыл бойы "Арабтанып" кетпеген қазақты, 100 жылдың ішінде орыстандырып жіберген кім? Ықылымнан әуреті жабық аналарымызды, ұяттан ажыратып жалаңаштырған кім? Әлі күнге дейін тәуелсіздігімізді мойындағысы келмейтін кім?
.
Философия ғылымдарының докторы, азаматтық қоғам және дін істері агенттігінің өкілі Гүлмира Біләловаға сұрақ: 100 жыл бұрынғы мұрағаттан өзіңіз сияқты жалаңбас бір қазақ әйелін тауып беріңізші? Марқұм атаңыздың "Біләл" деген атының мәнін айтып беріңізші?