"Осы қарғысым үшін тозаққа түсуге де дайынмын" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осы қарғысым үшін тозаққа түсуге де дайынмын" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Осы қарғысым үшін тозаққа түсуге де дайынмын" - Сәуле Әбілдаханқызы

Танымал журналист өзін даттап келген Жасарал Қуанышалин есімді азамат туралы айтты.

  • 15 Сәуiр 2019
  • 6575
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әуелеп ұшар лашын, 
Лашын жаяр құлашын.
Атамды алған құдайдың — 
Келіні мендей жыласын. Зейнеп Ахметова.

* * *
"Әуелеп ұшар лашын,
Лашын жаяр құлашын.
Перзенті өліп, дос сатып, 
Жасарал мендей жыласын".

* * *
Р.S. Күзде Нұрсұлтан баламыз қайтқан күннен бастап маған боқ жағумен келе жатқан Жасарал Қуанышалин деген сауатсыз, мәдениетсіз, алжыған саясаткерсымақ Абзал Құспанның қызы шетінеп жатқанда дәл солай Әбекеңе боқ жаққаннан, әлі солай қатын құсап көкбеттенуін қоймай, аузына келгенін әр жерде құсып жүр. Сондағы біздің кінәміз — ол жалаған муханың туфлиін біз жалаудан бас тартқанымыз. Ол кірген тесікке біздің кірмегеніміз… 
Сол себепті ондай ішіне ит өлген сасық та жағымпаз, өмір бойы биліктен қызмет сұраған, саясатта жолы болмаған алжыған шалға осындай қарғыстан басқа айтарым жоқ. Басына берсін деймін…. мен үшін құдайдан кешірім сұрамай-ақ қойыңыздар…. осы қарғысым үшін тозаққа түсуге де дайынмын.
Керек десең, Құдайды да қарғап салатын қазақ үшін тасарал масарал кім бопты…..
"Ондай қасіретті жауымның да басына тілемеймін" деп едім. Бірақ Тасарал деген жаудан жаман жалақор, пәлеқор есектің басына тіледім", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.