Өзбекстан ұлттық агенттігі қазақ тілінде хабар тарата бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан ұлттық агенттігі қазақ тілінде хабар тарата бастады

Өзбекстан ұлттық агенттігі қазақ тілінде хабар тарата бастады

Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі 13 сәуірден бастап қазақ тілінде хабар тарата бастады.

  • 16 Сәуiр 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін агенттік ақпаратын 8 – өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб және қытай тілдерінде таратып келген.

"Өзбекстанда Қазақстан жылының жариялануына байланысыт, елдің ресми ақпараттық агенттігі қазақ тілінде де хабар тарата бастайды" делінген агенттік сайтындағы ақпаратта.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінің қазақ тіліндегі нұсқасын туралы пікір білдірді. "Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі Өзбекстандағы Қазақстан жылы құрметіне қазақ тілінде хабар тарата бастады. Бұл — Елбасы Н. Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ш. Мирзияевтің бауырлас халықтар достығын жаңа деңгейге көтеруінің жемісі", – деп жазды Қазақстан басшысы.