Түркістан облысында кішкентай қызды өгей анасы қысқышпен қинаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында кішкентай қызды өгей анасы қысқышпен қинаған

Түркістан облысында кішкентай қызды өгей анасы қысқышпен қинаған

Түркістан облысында кішкентай қыздың өгей анасы оны қысқышпен қинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 

  • 17 Сәуiр 2019
  • 132
Фото - Caravan.kz

Өңірдегі ауыл мектебінің мұғалімі оқушының денесінен көгерген жерлер мен соққылардың ізін көріп, полиция шақырған. Қазір қылмыстық іc қозғалды. Қыздың өгей анасы полицияға жеткізілді. 

"Сорақы жағдай тіркелді — өгей анасы баланы ұрған, пышақ, қысқыштан алған жарақатының іздері бар. Істі ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ, БҒМ өз бақылауына алды. Дерек бойынша егжей-тегжейлі тергеу болып жатыр", — деп хабарлады министрлік.

Түркістан облысының білім басқармасы баланың үйде азап шеккенін растады. Қазір қыз бала әжесімен тұрып жатыр. 


Министр Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен бүгін министрдің кеңесшісі Раиса Шер Түркістан облысына аттанды.