Берік Уәли соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кеткендігін айтады. Ол сондай-ақ кейбіреулер жалған аккаунтты коммерциялық мақсатта қолданатынын да жеткізді.
«Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан — @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты», – деп жазды ол.
Берік Уәли әлеуметтік желі қолданушыларын презмдент туралы нақты расталған ақпарат алу үшін ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырды.