Мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады?

Мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады?

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға болатын азаматтардың 10 тобы қарастырылған.

  • 25 Сәуiр 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға болатын азаматтардың 10 тобы қарастырылған.

Баспананы меншігіне тегін алуға болатын тұрғындар тізіміне:  

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары енген. Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, баспананы тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
  • 1 және 2-топтағы мүгедектер;
  • Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандарда апат салдарын жоюға қатысқандар;

 

  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;
  • КСРО-ны қорғау кезінде, әскери міндеттерін орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты сырқаттанғандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жараланып, контузия алу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
  • Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар;

  • күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек еткен әскери қызметшiлер (қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

 

  • ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат немесе ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, баспананы өтеусіз алу құқығы оның мұрагерлеріне ауысады;
  • саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңға сәйкес ақталған, мүгедектігі бар адамдар;
  • қызметін атқару кезінде қайтыс болған әскерилердің отбасы мүшелері енген. 

Мемлекеттің тұрғын үй қорындағы баспананы тегін алатын азаматтар ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабында көрсетілген.