Ақтөбеде «жалған полицей» алаяқтығы үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «жалған полицей» алаяқтығы үшін сотталды

Ақтөбеде «жалған полицей» алаяқтығы үшін сотталды

Ақтөбелік өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен.

  • 4 Мамыр 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

21 жастағы Қ.Марат алаяқтығы үшін сотталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Айыпталушы Қ.Марат Өзбекстанда туып, Қазақстан азаматтығын алған. Еш жерде жұмыс істемейді, үйленбеген. Оған Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып, сот алдында жауап берді. Іс материалына сүйенсек, ол осы жылдың ақпан айында Қ.Марат алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында өзін учаскелік инспектор ретінде қызмет атқарып жүргенін және жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай, ешбір кедергісіз алып беретіндігін айтып алдаған.

Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, ақпан айында 100 мың теңгеден астам ақшасын алып кеткен. Осы жолмен жәбірленуші А.Садуовтан 32 500 теңге, А.Нурадиновтен 35 000 теңге, М.Ибраймовтан 220 000 теңге, Е. Матеновтен 1 миллион теңге алған. Кейбіріне жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде етсе, кейбіріне айыппұл автотұрағындағы автокөліктерді арзан бағаға сатып алып бермек болды.

«Қ.Марат Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3 бөлігінің 4 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілер М.А.Ибраимовтың, С.М.Бекмурзиннің, А.Ж.Садуовтың, А.М.Нурадиновтың, Е.С.Матеновтың азаматтық талап қоюлары олардың өтініштері бойынша, Қылмыстық процесуалдық кодекстің 170-бабының 6-бөлігі 4 — тармағы негізінде қараусыз қалдырылсын», — деді судья С.Тасымбетов.