"Жасағаны үшін өкінеді": Мұрат Қожа өзін дуалап алған студент қыз туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жасағаны үшін өкінеді": Мұрат Қожа өзін дуалап алған студент қыз туралы айтты

"Жасағаны үшін өкінеді": Мұрат Қожа өзін дуалап алған студент қыз туралы айтты

Мұрат Қожа студент кезінде бір қыздың өзін махаббатқа дуалағанын айтты.

  • 14 Мамыр 2019
  • 87
Фото - Caravan.kz

Әнші дуаға сенетінін айтты. Студент кезінде ол махаббатқа дуаланып өліп қала жаздаған екен. Басында бәрін қалжың ретінде қабылдаған өнер иесі артынша дуаның шын болғанына көзі жеткен көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Үш күн ауырып. Дуамды қайтартамын деп орыс апаға бардым. Жанымдағы балалар байқап қойған. Солар жиналыс жасайды сенімен сөйлесейін деп едік деп, жатақханаға шақырды. Мен ол кезде пәтерде тұратынмын. Содан бардым. Курстастарым «Саған бірнәрсе болып жүр, бізбен баяғыдай дұрыс сөйлеспейсің, жұлдыз ауруымен ауырып жүрсің бе? Немесе ана қыздан басың айналып жүрген жоқ па?» деді. Сосын ойланып қалдым. Сол қыздың қасынан шықпаймын, бөлмесіне барамын, әйтеуір, жанында жүремін. Қайдан білдіңдер дедім», — дейді Мұрат Қожа.

Жолдастарының орыс апаға апарып, дуаны қайтарғаннан кейін дуалап алған қыздың кешірім сұрап, тізерлеп жалынғанын да жасырмады өнер иесі. Мұрат Қожа басында бәрін ойын ретінде қабылдаған сыңайлы.


«Бір бал ашатын орыс кемпір отыр. Балалар жаныма келіңдер деп шақырып алған екен. Барса, Мұрат немесе Марат деген достарыңның жағдайы нашар. Маған алып келіңдер депті. Айдалада отырған кемпір мені қайдан білсін деймін оларға. Айқайласып жүріп алып барды. Ана кемпір алыстан көріп, орнынан тұрып, басыңнан қара түтін шығып келе жатыр деді. Мен сенбеймін. Үйіне апарып кітабын беріп, дұға оқып болғаннан кейін дуаны жасаған адамға қайтарғың келе ме деді. Не болады дегенімде ауырады, жасағаны үшін өкінетін болады деді. Қызық көріп жарайды дедім де кеттім», — дейді ол.