Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың денесі таудан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың денесі таудан табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың денесі таудан табылды

Осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен студент Айгүл Амангелдінің денесі таудан табылды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Мамыр 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

«19 мамыр күні полицейлер мен еріктілер Талғар ауданының Белбұлақ ауылы маңында іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде сағат 17.30 шамасында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы Айгүл Амангелдінің денесін тапты. Жақындары мүрдені таныды, алайда оның денесінде қандайда бір зорлық-зомбылықтың белгілері анықталмады», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Полицияның пайымдауынша, жас қыз өз өміріне қол салған.

«Соттық-медициналық сараптама өлімнің неден болғанын анықтайды. Бұл жағдай бойынша ҚР ҚК 105-ші бабымен (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) тергеу амалдары басталды», — деді полициядағылар.

Бойжеткен 13 мамыр күні Белбұлақ ауылындағы үйінен емтихан тапсыруға Алматыға қарай бет алған. Асфендияров атындағы медицина университетінің студенті оқу орнына не үйіне бармаған. Оны іздеу жұмыстарына полиция, құтқарушылар және еріктілердің күші тартылды.