Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті

Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті

Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" тракторлар жарысы трагедиямен аяқтала жаздады

  • 3 Маусым 2019
  • 52
Фото - Caravan.kz

Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" жарысы кезінде бір топ журналисті трактор қағып кетті.

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда бар жылдамдықпен келе жатқан трактор трассадан шығып кетіп, бір топ операторды соққаны көрінеді. Ал олар жан-жаққа қашқан.

"Российская газета" басылымының мәліметінше, үшінші нөмірдегі трактор жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Оқыс оқиға салдарынан операторлардың камерасы мен керек-жарақтары ғана бүлінді.


"Олар көзтартарлық кадр жасаймын деп, дүниенің бәрін ұмытып, дөңгелектің астына түсе жаздайды. Абырой болғанда соққыны сонда жатқан бір мая пішен жеңілдетті", — дейді байқауды ұйымдастырушы Сергей Суховенко.

 

Соңғы жаңалықтар