Мұз модулі 500 көрерменге арналып жасалмақшы, деп жазады Аltaynews.kz. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің жеке сайтында ұсынылған жобаға сәйкес, кәсіпкер модульді салуға және пайдалануға ұсынуы тиіс, ал мемлекет 12 жыл бойы объектінің барлық шығындарын өтейді. Қазір шенеуніктер бірегей спорт нысанын салуға ниетті серіктесті іздеуде.