Шымкент әкімі: Шымкентте қызды еркінен тыс ешкім алып қашпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент әкімі: Шымкентте қызды еркінен тыс ешкім алып қашпайды

Шымкент әкімі: Шымкентте қызды еркінен тыс ешкім алып қашпайды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың ойынша, Шымкентте қыз алу қашу дәстүрінің кеңінен тарағаны – қауесет.

  • 9 Шiлде 2019
  • 69
Фото - Caravan.kz

Көп жағдайда жігіттер қыздарды қыздың келісімімен алып қашады, деді әкім, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысынан кейін журналистер әкімнен қыз алып қашу деген ескі дәстүрмен қалай күрес жүргізіліп жатқаны туралы сұраған еді.

– Біріншіден, Шымкентте қыздарды алып қашу жоқ. Бірақ енді, кейде осындай әңгімелерге қарап, мұны Шымкент туралы көптеген қауесеттердің бірі деп санаймын. Меніңше, қызды еркінен тыс ешкім алып қашпайды, қыздардың өзі ол, өздерін алып қашқанды қалайды, – деп жауап берді Әбідрахымов.