Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға қарақұмыққа 3,3% төмендеді, ал бидайға 18,9%, арпаға — 8%, жүгеріге — 5,5%, сұлыға — 3,1%, күрішке — 1%, қара бидайға — 0,7% өсті.
Қияр 13,5%, картоп — 5,8%, қызанақ — 1%, асханалық сәбіз — 0,6%, қырыққабат — 0,4% арзандады, ал асханалық қызылша 4,9%, басты пияз — 1,7% қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа 22,6%, күнбағыс тұқымына — 15,9% өсті, ал кептірілген жасымыққа 3,5% төмендеді.
Баға жылқы етіне 4,3%, ірі қара мал етіне — 3,7%, қой және шошқа етіне — 2,2%-дан, құс етіне — 0,9% өсті. Тауық жұмыртқа 17%, бал — 3,8%, қойдың жүні — 2,7% арзандады, ал шикі сүт 1,2% қымбаттады.