Атамбаевқа жемқорлық бойынша айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамбаевқа жемқорлық бойынша айып тағылды

Атамбаевқа жемқорлық бойынша айып тағылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жемқорлық бойынша айыпталды. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев айтып берді.

  • 9 Тамыз 2019
  • 6
Фото - Caravan.kz

Заңгер дәл қазір экс президентке қатысты көп нәрседен бейхабар болып отырғанын жасырмады. Тек әзірге істің Батукаевқа, негізінен оның босатылуына қатысты екенін айтты. 

13 жыл бұрын атышулы Азиз Батукаев 17 жылға бас бостандығынан  айырылған болатын. Ол Бішкек маңында орналасқан колониялардың бірінде төңкеріс ұйымдастырғаны үшін айыпталды. Осы қақтығыс кезінде депутат Тынычбек Акматбаев, жазаны орындау бас басқармасының басшысы Икматулла Полотов және парламенттің екі қызметшісі көз жұмды. 

Алайда 2013 жылы оған дәрігерлер комиссиясы қан рагы диагнозын қойғандықтан, ол түрмеден босап шықты. Босап шыққанына бірнеше сағат болған соң, бірден жаңа паспортпен шетелге ұшып кетті. Артынша оның босап шығуына жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысы бар екені белгілі болды. 

Батукаевқа өтірік диагноз қойғаны үшін бұрынғы вице-министр Шамиль Атаханов, Денсаулық сақтау министрлігінің экс басшысы Динара Сагинбаева және жазаны өтеу бойынша мемлекеттік қызмет төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Качкыналиев ұсталды. 


Оларға жемқорлық және жалған құжат жасатты деген айып тағылып отыр.