Ақтөбеде майор бойжеткенді зорлады: Жәбірленуші полиция қызметкерінің жазадан құтылып кететінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде майор бойжеткенді зорлады: Жәбірленуші полиция қызметкерінің жазадан құтылып кететінін айтты

Ақтөбеде майор бойжеткенді зорлады: Жәбірленуші полиция қызметкерінің жазадан құтылып кететінін айтты

Ақтөбе тұрғыны өзін полиция майоры зорлап, ұрып-соқты деп айыптады.

  • 12 Тамыз 2019
  • 103
Фото - Caravan.kz

Бірақ зорлау фактісі расталмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға маусым айының аяғында болған. Карина Әлиеваның айтуынша, маусым айының 24-нен 25-не қараған түні майор оған хабарласып, сыртқа шығуын өтінген. Егер шықпаса, онда барлығын ұйқысынан оятамын деп сес көрсеткен. Ол сыртқа шыққанда полицей мас болыпты. Каринаны көлігіне отырғызып, президент саябағына апарған. Қалың ағаштардың арасына көлігін қойған полицей қызды өзімен қалатынын айтып қорқытыпты. Артынша зорлап тастаған. 

Бойжеткен бірден полицияға шағымданып, бұл оқиға бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғайды. Сол түні полицей оны қалай қорлағанын видеоға түсіріп алған екен.

Алайда, Каринаның Rikatv.kz сайтына айтуынша, зорлау фактісі расталмаған. Енді полицей майоры жауапкершілктен құтылып кетуі мүмкін дейді. Сондай-ақ, тексеруге полиция қызметкерінің сол күні киген киімі емес, жаңа киімдері жіберілген. 

Ал полиция майорының әйелі болса, моральдық шығын ретінде қыздан 850 мың теңге өндіруге ниетті екен. Ақтөбе облыстық полиция департаменті болса, әлі тергеу жүріп жатқандығын айтты.


«Бұл іс бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге полиция департаментінде тергеу жүріп жатыр, сарапатамалар тағайындалды. Ал тергеудің қалай жүріп жатқандығы туралы ақпарат берілмейді. Тергеу қай уақытқа дейін жүретіні де белгісіз», – деді баспасөз қызметі. 
Карина Әлиева өзін зорлаған полицеймен бұрын кездескенін мойындады.