"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты.

  • 23 Тамыз 2019
  • 40
Фото - Caravan.kz

Танымал әнші жақын күндері жаңа туындысына бейнебаян түсіріп, әнді сүйіктісіне арнайтынын жеткізген. Ол қалай бір шешімге келіп, үйленуге ұсыныс жасағанын айтып берді. Алайда әнші желідегі парақшасына шын сүйгенінің емес, бейнебаянда ойнаған ару Әсел Асқарға жүзік тағып, оны құшақтаған суретімен бөліскен.

"Мен бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым. Иа дәл солай. Бұл менің ішкі жан дүниемнің қазіргі көрінісі. Сол себепті мен "Өзгеше" клипін түсіруді жөн көрдім. Оның негізгі ойы — сүйктіңе сезіміңді білдіру", — дейді Кентал.

Сонымен қатар, Кентал бейнебаянында басты рөлді сомдаған Әсел Асқарды жер көкке сыйғызбай мақтаған. Өнер иесі актрисаның бойындағы жақсы қасиеттерін айтып берді.


"Туындының басты рөлін ойнайтын — батыл, ерекше әрі әдемі актриса Әсел Асқар. Мен оның ашықтығы мен қатты мінезіне тағы бір мәрте таңқалдым. Ол мықты әрі нәзік бола алатынына көзім жетті", — дейді өнер иесі.