Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміне 3 млрд теңге жұмсалды — "Қазақфильм" президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміне 3 млрд теңге жұмсалды — "Қазақфильм" президенті

Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміне 3 млрд теңге жұмсалды — "Қазақфильм" президенті

Режиссері Ақан Сатаев болған «Томирис» фильміне қанша қаражат жұмсалғаны белгілі болды.

  • 26 Қыркүйек 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz

«Аталған фильмнің түсіріліміне 10 млн доллардан аз ақша жұмсалды. «Қазақ хандығы телехикаясы мен басқа да туындылардың бюджеті дәл осындай. Көшпенділер – «Қазақфильм» бюджетінде ең қымбат болды. Оған шетелден актерлер тартылған болатын. Шетелден өз ісінің маманын шақыру – кино бюджетіне қатты әсер етеді. 

«Қазақ хандығы: Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы: Алтын тақ» фильмін шығарған кезде бізге «Шыңғысханның» 38 сериалын түсірген Батыр атты режиссерді шақырдық. Ол кеңесші ретінде жұмыс істегеннен кейін бұл фильмнің жарыққа шығуына 50-100 млн доллар керегін айтты.

Алайда оның қалауы біздің «оң жамбасқа келмей», қош айтысып, «Қазақ хандығын» 10 млн долларға түсірдік. Ал «Томириске» шамамен 3 млрд теңге жұмсалды», — деді «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 


Сондай-ақ, мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов фильм бюджетін нақтылай түсіп, 2 млрд 259 млн теңге жұмсалғанын айтты.