"Тентектің сандырағына еріп, өзіміздің ерігімізге қарсы шықпайық": Отандық журналист Тазабековты қолдап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тентектің сандырағына еріп, өзіміздің ерігімізге қарсы шықпайық": Отандық журналист Тазабековты қолдап шықты

"Тентектің сандырағына еріп, өзіміздің ерігімізге қарсы шықпайық": Отандық журналист Тазабековты қолдап шықты

Отандық журналист Маржан Сәдуақасова "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековты қолдап шықты.

  • 6 Қазан 2019
  • 107
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы журналист instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Екі күннен бері әлеуметтік желіде Мұхаммеджан Тазабеков ағамыз жайлы қисынсыз, миға қонбайтын, мазаны алатын әңгімелер жазылуда. Оқып отырып сол адамдардан жиіркенгенімді жасырмаймын. Адам өзі іздегенін табады ғой, шіркін. Ібілістің ой салып, нәпсінің қышуын қандырып тұруы — иманы әлсіз бен білімсіздерге, пейілі тар мен пиғылы жаманға, негативпен егіз өмір сүретіндерге оңтайлы келуде деп ойлаймын.
Өзім ағаны танығалы бірнеше жылдың жүзі болды. Айтыстың майталманы, халықтың сүйіктісі екені хақ. Одан ТВ саласына қосып жатқан үлесі де орасан зор. Тіл мен ұлттың, дін мен ділдің жанашыры. Олай айтып отырғаным — журналист ретінде қаншама рет сұқбаттасып жүріп үйренгенім көп, еліміздің патриоты ретінде еткен еңбегін жоққа шығара алмаймыз, ешқашан қоғамға бір зияны тиер, елге пайдасыз әңгімесін естімеппін. Одан қалса қаншама тренингтарын тыңдап жүрміз. Жоғары оқу орындарындағы кездесулер, өзекті тақырыптарды қозғаудағы пікірлері, жастарға берген мотивациялары мен бағдары, отбасылық мәселелердегі біз білмейтін негіздер, достықтың маңызы, көңіл мен пиғылдың, ниет пен амалдың жолдары, тағысын тағы, осындай керемет тақырыптар аясындағы ойлары әрбір жанға таптырмас сабақ, үлгі, кітап.
Сонымен қатар, соңғы кездері қазақтың қаракөз ҚЫЗДАРЫНА қатысты керемет кеңестерін тыңдап, өзіме түйіп алып жүрмін. Аға мен қарындастың, ана мен баланың байланысы жайлы айтқандарын ешбір мектеп үйреткен емес.
Ақ пен қараны ажырататын жастамыз ғой, көзімізді ашып, көңілімізге қаяу түсіретін ақпараттардан арылайық. Біреудің битке өкпелеп тонын өртегеніне себепкер болмайық. Тентектің сандырағына еріп, өзіміздің ерігімізге қарсы шықпайықшы. "Аққа Құдай жақ" демекші, Біздің көп екенімізге сенемін, ағамызға Алла жар болсын", — деп жазды ол.