Қазақстандық судья гей-порноға түскен бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық судья гей-порноға түскен бе?

Қазақстандық судья гей-порноға түскен бе?

Судья Мұратғали Әкетайдың интимдік бейнетаспаға байланысты полицияға жазған арызына сәйкес бірқатар тексерулер тағайындалды.

  • 8 Қазан 2019
  • 177
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Павлодар облысының полиция басқармасынан хабарлады.

«Қылмыстық іс аясында келесі тексерулер тағайындалды: веститоскопиялық (бет-әлпеттерін салыстыру арқылы фото-портрет) қарау және тірі тұлғаны қарау (денесінде тыртықтардың болуы және басқа да ерекше белгілердің болуы). Сонымен қатар қонақүйлерде және сауналарда да жұмыстар жүргізілді. Павлодар облысында ондай жерлер анықталмады. Видеоны WhatsApp арқылы таратқан адамның IP-мекен-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде », — делінген хабарламада.

Бұған дейін Павлодар облыстық сотының судьясы Мұратғали Әкетай WhatsApp-қа жіберілген интимдік бейнетаспа үшін полицияға арызданған болатын. WhatsApp желісі арқылы жіберілген видеодағы ер азамат Мұратғали Әкетайға ұқсайтын көрінеді. Төсекте екі жалаңаш ер адам қонақ бөлмеде жатқан. Судьяның фотосуреті және оның деректері бейнеге ілінген.

Павлодар облыстық сотының судьясы Мұратғали Әкетай полиция мен прокуратураға «бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін қолдана отырып, жалған ақпарат тарату, сондай-ақ жала жабу» бойынша арызданған болатын.