"Бензиннің барлық түріне қатысты". Елімізде жанармай қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бензиннің барлық түріне қатысты". Елімізде жанармай қымбаттауы мүмкін

"Бензиннің барлық түріне қатысты". Елімізде жанармай қымбаттауы мүмкін

Жанар-жағармай 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

  • 18 Қазан 2019
  • 31
Фото - Caravan.kz

Ведомство басшысы оны акциз құнының өсуімен байланыстырып отыр. Қазір ол — 8 теңге. Алдағы уақытта тағы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өсім 6 пайызды құрамақ. Бұл бензиннің барлық түріне қатысты. Жан-жақты талқылаудан өтіп жатқан жоба 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілмек. 

"Бүгінде АИ-92 шамамен 150 теңге, кей жерлерде бір литрі 149-152 теңге. Көрші елдермен салыстырсақ, бұл өте аз. Бензин құнының жартысына жуығы акциз болса, бізде тек 8 теңге. Баға ары кетсе 10 теңгеге өсуі мүмкін. Екі есе өспейді", — деді Руслан Дәленов Мәжіліс қабырғасында.

Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрші елдермен салыстырғанда отандық жанар-жағармайдың құны арзан болғандықтан, шекара асып жатқанын айтқан еді. Сондықтан бензин бағасын кезең-кезеңімен шекаралас мемлекеттермен теңесетінін жеткізді.