"Бізде Ислам дінін емес, теріс ағымдарды таратушылар көбейіп кеткен" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бізде Ислам дінін емес, теріс ағымдарды таратушылар көбейіп кеткен"

"Бізде Ислам дінін емес, теріс ағымдарды таратушылар көбейіп кеткен"

Белгілі қоғам қайраткері, блогер Айгүл Орынбектің сақал қойып, уағыз айтатын жігіттерге ашуы қара қазандай.

  • 24 Қазан 2019
  • 102
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Тепсе темір үзетін жігіттер машина ойлап табудың орнына уағыз айтып отыр!

Қоғамдық орын болып табылатын жерде айқайлап, уағыз айтып отыр. 
Біздің елде бұдан басқа проблема жоқ сияқты сырттан қарасаң! 
Отыз бес жас шамаларындағы ер азаматтар бір бірінің сөзін тыңдамайды. Бірі бірінен асқан білімді екенін дәлелдеп әлек. Іспен емес, сол баяғы пайғамбарлардың өмірін бір біріне өнеге қылып. 
Мен Ислам дініне қарсы емеспін! Мен теріс ағымдарға қарсымын. Көзі ашық білімді адамдар бірден түсінеді менің не айтқым келгенін. Иман жүректе , жүрек тазаланбай ниет дұрысталмай ештеңе өзгермейді! Сақал қойып, басыңнан аяғыңа дейін оранып алып, жүрегің толы кек пен ашу ыза, “мен құдайға құлшылық етіп жатырмын, мен тазамын, сен кәпірсің “-деп міндетсіну бұл Исламға жатпайды!
Ислам діні көркем мінез, жүректегі тазалық, мейрімділікпен, шынайы ниетті талап етеді!
Бізде Ислам дінін емес, теріс ағымдарды таратушылар көбейіп кеткен! Оған дәлел Сириядағы қазақтар мен балақ кесіп, сақал өсірген жас жігіттер. 
Менің не айтқым келді. Жалпы біздің жігіттер алтын уақыттарын жоғалтуда. Елге қызмет жасап экономикамызды алға жылжытудың орнына осылай жиналып алып, уағыз айтып қор қыздарын армандап, үйдегі әйелдерді дұрыс тәрбиелеуді әңгіме қылу. 
Текті қазақтың қыздары күйеулері емес, тұрмысқа шыққанша аналары тәрбиелеген біле білсек! Текті тәрбиелі жерден шыққан қыздар құлды хан қылған. Сол себепті әйелдердің тәрбиесімен емес, қызыңа тәрбие беретін әйеліңнің бала шағаңның материалдық жағдайын жаса. Нанға ақша таба алмай отырып, әйеліңе бала шағаңа тәрбие жайлы ақыл айту миға қонымсыз меніңше! Бірінші іспен дәлелдеу керек! Ал ол үшін жұмыс істеп, еңбетену керек! Жатып алып арабтарды өнеге қылып, құдай береді деп намаз оқып жата берсең бұл Исламға күйе жаққанмен тең! Әрекет еткенге беремін деген құдай", — деп жазды Айгүл Орынбек.