"Түрси шығаратын фабрикасы жоқ елге, футбол ойнап не теңі" Спорттағы жеңіліс көпшілікті ашындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түрси шығаратын фабрикасы жоқ елге, футбол ойнап не теңі" Спорттағы жеңіліс көпшілікті ашындырды

"Түрси шығаратын фабрикасы жоқ елге, футбол ойнап не теңі" Спорттағы жеңіліс көпшілікті ашындырды

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек ел спортындағы сәтсіздіктердің себебін атап өтті. 

  • 25 Қазан 2019
  • 104
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы ол өзінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Футбол қайдан дамысын, ақшаның бәрі жемқорлардың қалтасына кетіп жатса!

Ауылды жерлерде спорт мектептері мәдениет үйлері жоқ елден қандай жеңіс күтіп отырсыңдар?
Министр Ақтоты ханымның айтуынша: " ауыл, аудандар спорт мектебін, мәдениет үйін салғаннан көрсеткіштері өспейді екен. Аудандарда өндіріс орнын ашсаң ғана, әкімдердің көрсеткіші өседі екен. Сол себепті әкімдер балаларға спорт мектебін, мәдениет үйін салғанша өндіріс орындарын салғандары тиімдірек"- деді министр Ақтоты ханым!
Ал отыз жылдың ішінде мына ел не өндіріп қарық қылды? Жүзден аса зауыт ашылып миллиард қаржы құйылып, Елбасы лентасын қиып кеткен соң, жабылып қалған өндірістерден елге не пайда келді? Одан да сол өндіріске жұмсаған қаржының,тең жартысын ауыл спорт мектептеріне салғанда, әлемді өндіріспен бағындырмасақта спортпен, мәдениетпен бағындырар едік!
Миллиардтаған қаржы көкпарға бөлінеді, ол шабондаздарға жетпейді. Қырғыздардан ат жоқ деп аямай жеңіледі. Миллиондаған ақшаны шет ел футболшыларына, біздің ел үшін ойна деп береді. Жүрегінде елге деген патриоттық сезімі жоқ футболшы қайдан ойнасын айтыңдаршы!?
Қаншама ауылдағы мықты жастар спорт мектебі, мәдениет үйі дегенге бармайды. Себебі ЖОҚ! Отан үшін емес, рейтинг үшін жұмыс істейтін әкімдер салмаған. "Жастар бұзылған, жастар оңбаған, жастар алқаш, жалқау "-деп сөгеміз! Жоғарыда отырған шенеуніктер рейтинг үшін зауыт ашып, той тойлап тоймай жеп, түйілгенше, құса жеп жатқан табақ беттерді сөгу керек! Неге тоймайсыңдар деп сұрау керек!?
Жастарға ренжудің қажеті жоқ! Сендер тойып секірсеңдер, сендерді көріп өскен ауылдағы жастар ашынғаннан секіріп өліп жатыр. Суицид бойнша Азия елдерінің арасында, бірінші орындамыз НАН соғарлар!
Жастарды тек форум, флешмобта қолдарына жалау ұстатып, қойға ұқсатып былай-былай айдауды доғарыңдар! Ауыл жастарына жағдай жасайық!
Жүрегінде "Қазақ" деген от жанып тұрған жастар спортқа келмей, ұтылғанымыз ұтылған!
Түрси шығаратын фабрикасы жоқ елге, футбол ойнап не теңі десей!

Еске салсақ, кешке Еуропа лигасы топтық кезеңі аясында өткен ойында "Астана" футбол клубы нидерландық "Аз Алкмар" командасынан ойсырай ұтылған болатын. Бұл жағдай көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.